Ученица 11 класса Назарбаев Интеллектуальной школы города Алматы Нұрбол Зере Мақсатқызы представила Казахстан в финале международной олимпиады GENIUS Olympiad 2026 и завоевала серебряную медаль в категории Entrepreneurship.
Очный финал конкурса прошёл с 8 по 12 июня в городе Рочестер, штат Нью-Йорк, США. Поездка Зере стала возможной при финансовой поддержке Корпоративного фонда EA Charity fund.
*GENIUS Olympiad — международный конкурс школьных проектов, посвящённый экологическим вопросам, устойчивому развитию и инновационным решениям. Участники представляют проекты в разных направлениях, включая науку, технологии, искусство, робототехнику и предпринимательство. В 2026 году на конкурс было подано 5 206 заявок со всего мира, а к очному финалу были допущены 965 участников из 79 стран и 37 штатов США.*
На олимпиаде Зере представила экологический бизнес-проект ZEO-GROW, направленный на снижение расхода воды в сельском хозяйстве. В основе проекта — субстрат из цеолита и переработанной рисовой шелухи, который помогает удерживать влагу и улучшать аэрацию корневой системы растений.
По результатам экспериментов использование ZEO-GROW позволяет сократить расход воды до 40% и более чем в три раза повысить выживаемость растений по сравнению с традиционными субстратами.
Защита проекта проходила в формате бизнес-питчинга: участники представили международной коллегии судей анализ рынка, финансовую модель, маркетинговый план и экологический эффект продукта.
По итогам конкурса проект ZEO-GROW получил серебряную медаль и диплом призёра II степени. Также партнёр олимпиады — Rochester Institute of Technology — предоставил Зере право на ежегодную возобновляемую стипендию в размере 20 000 долларов США для обучения на программах бакалавриата университета.
Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы, Нұрбол Зере Мақсатқызы, GENIUS Olympiad 2026 олимпиадасының финалында еліміздің намысын қорғап, Entrepreneurship, яғни кәсіпкерлік санатында күміс медаль жеңіп алды.
Байқаудың соңғы кезеңі 8-12 маусым аралығында АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Рочестер қаласында өтті. Зеренің сапары EA Charity fund Корпоративтік қорының қаржылық қолдауымен мүмкін болды.
GENIUS Olympiad - қоршаған орта мәселелеріне, тұрақты дамуға және инновациялық шешімдерге арналған халықаралық мектеп жобалары байқауы. Қатысушылар ғылым, технология, өнер, робототехника және кәсіпкерлік сияқты әртүрлі салаларда өз жобаларын ұсынады. 2026 жылы байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 5206 өтінім келіп түсті. Іріктеу нәтижесінде 79 ел мен АҚШ-тың 37 штатынан 965 қатысушы олимпиаданың соңғы кезеңіне жолдама алды.
Олимпиада барысында Зере ауыл шаруашылығында су тұтынуды азайтуға бағытталған ZEO-GROW эко-бизнес жобасын ұсынды. Жобаның ғылыми маңыздылығы ылғалды сақтауға және өсімдік тамырларының аэрациясын жақсартуға көмектесетін цеолит пен қайта өңделген күріш қабығынан жасалған арнайы субстратты қолдануға негізделген.
Тәжірибелік нәтижелерге сәйкес, ZEO-GROW су тұтынуды 40%-ға дейін азайтып, дәстүрлі субстраттармен салыстырғанда өсімдіктердің тіршілік етуін үш еседен астам арттырады.
Жобаны қорғау бизнес-питчинг форматында өтті. Қатысушылар өз жобалары бойынша нарықтық талдау жүргізіп, қаржылық модель және маркетингтік жоспар әзірлеп, өнімнің қоршаған ортаға тигізетін оң әсерін халықаралық қазылар алқасының алдында таныстырды.
Байқау қорытындысы бойынша ZEO-GROW жобасы күміс медаль мен II дәрежелі дипломға ие болды. Сонымен қатар, олимпиада серіктесі Rochester Institute of Technology Зереге университеттің бакалавриат бағдарламаларында оқу үшін жыл сайынғы 20 000 АҚШ доллары көлеміндегі жаңартылатын стипендия ұсынды.
Nurbol Zere Maksatkyzy, an 11th-grade student from the Nazarbayev Intellectual School in Almaty, represented Kazakhstan in the finals of the GENIUS Olympiad 2026, winning a silver medal in the Entrepreneurship category.